Біз жайлы

Томпақ интерактивті планшетін жасау идеясы Алматы қаласында балабақшалар желісін дамыту жобасын жүзеге асыру барысында пайда болды. Бір байқағанымыз қазіргі уақытта көптеген 3-4 жастағы балалардың тілдері дұрыс дамымаған және сол себепті ата-аналары логопед іздеумен әлек. Ол проблема баланың смартфонға тәуелділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, ресми статистика бойынша, әлі де көптеген балалар балабақшаға баруларына мүмкіндіктері жоқ

Тоmpaq қандай принциптер негізінде жасалған?

1

Статистика бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалар саны 2 млн. асады; олардың 1 млн. жуығы мектепке дейінгі мекемелерге барады. Яғни, балалардың жартысынан көбі балабақша немесе дамыту орталықтарына бармайды. Мүмкін, олардың көпшілігі ата-анасының немесе ата-әжесінің көмегімен сауат ашады, тәрбиеленеді.

kisspng-child-reading-clip-art-student-5

2

Алайда, мұнда сұрақтар туындайды: ата-аналардың, әжелер мен аталардың баланы оқытуға уақыттары бар ма? Олардың балаларды лайықты тәрбиелеуіне қажетті білім немесе әдістеме көздеріне қолдары жеткілікті ме? Бүгінде Интернеттегі қолжетімді контент оларды қанағаттандырады ма?

Осы мәселелерді шешуде біз тек мектепке дейінгі оқытудың базалық бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ этно-педагогика элементтерін де қамтитын инновациялық құрал жасауды қолға алдық

4

kisspng-child-learning-clip-art-children

Тәжірибе көрсеткендей, үйден оқыту мектепке дейінгі білім беру туралы мемлекеттік стандарттарда талап етілген білім көлемін бермейді

3

kisspng-reading-book-clip-art-good-eveni

5

Нәтижесінде, жоғары сапалы материалдардан жасалған интерактивті Topmaq планшет дүниеге келді. Планшеттің мазмұнын Республиканың еңбек сіңірген педагогының жетекшілігімен қазақстандық авторлар әзірледі

TOMPAQ -қа тапсырыс беру